Жанашырлыққа жан риза

Жыл сайынғы дәстүр бойынша биылғы жылы да біздің мектебімізде «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық шарасы аталып өтті. Шараны өткізудегі басты мақсат: көп балалы немесе аз қамтылған, ерекше жағдайды қажет ететін отбасы балаларының мектепке баруларына әлеуметтік көмек көрсету.
Әлеуметтік қолдауды қажет ететін 2 «А» сынып оқушысы Аханова Нурай Жанатовнаға жеке кәсіпкерлер Рахимова Айткүл Касыбаевна мен Касымханова Бибигул Ихласбековна демеушілік жасап, оқушыға мектеп сөмкесі мен спорттық киімін әперген болса, 3 «Ә» сынып оқушысы Кусаинов Болат Нагашыбайұлына жеке кәсіпкер Тайгельдин Абылайхан Шамшитденович қол ұшын созып, киім-кешек, кеңсе тауарларымен көмек көрсетті.
Бала десе жанын салар мектеп мұғалімдері де аталмыш шараға қол ұшын созып, 2 «Б» сынып оқушысы Әйміш Әли Ізбасханұлына сыртқы киім мен оқу құралдарын табыс етті.
Әлеуметтік қолдауды қажет ететін барлық оқушыларға көмек көрсетіліп, ата-ана да, бала да қуанышқа бөленді. Республикалық қайырымдылық шарасына қатысып, отбасыларға жүрек жылуын ұсынып, жақсы іске жанашыр танытқан барлық демеушілерге алғысымызды білдіреміз.

Әлеуметтік педагог: Еликбаева Н.М.