Жақсы істер – жанға қуат!

           2018 жылдың 16 қаңтар күні № 24 гимназия мектебінің  4 «Б» сынып оқушылары әлеуметтік педагог Елеусизова М.Н.  бірге «Қостанай Зоо Пульс» қоғамдық бірлестігінде қайырымдылық  акциясын өткізді.        «Қостанай Зоо Пульс» қоғамдық бірлестігіне оқушыларға «қайырымдылық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру  мақсатымен барған болатынбыз. Бұл іс-шарамыз қоғамдық адамгершілікті сақтау нормаларына және қаңғыбас жануарларға ізгілікпен қарау қағидаттарына негізделді. Оқушылар үйсіз қалған жануарларға тамақ апарып, өздері де жақсылық жасаудың адами қарым- қатынасын түсініп, бір қуаныш сезіміне бөленді.

 

 

   

Кампания «ЗЕРНА ТЕПЛА»

№24 мектеп-гимназияның 3 «А» сынып оқушылары осы акция барысында құстарды қорғау мақсатында құстарға ұя жасап , мектеп ауласында ағаштарға ілді.Құстар үшін қыс – өте ауыр сынақ. Құстардың өмір сүруі үшін қосымша тамақтандыру өте маңызды. Орнитологтар өте қатал қыс кезінде 10 ұсақ құстардың  ішінен 2 құс қана тірі қалатының мысал ретінде айтып отыр. Егер құстар қыста күніне 6 рет тамақтанбаса олар өліп қалуы мүмкін. Біздің кіші бауырларымызға көмектесу әр қайсымыздың қолымыздан келеді.

Кампанияның мақсаты:

  • Қыстап жатқан құстардың саны мен түр алуандығын сақтай отырып суық мезгілден аман шығуға көмектесу.
  • Өсіп келе жатқан жасөспірімдерде табиғатқа деген қызығушылықты арттыру, Қазақстан аумағындағы елді мекендерде қыстап қалған құстардың мәселесіне қала және ауыл тұрғындарының назарын аудару.

Кампанияның міндеттері:

  • Қыстап қалған құстардың тамақтандыруын ұйымдастыру;
  • Құстарға деген адами қарым – қатынасты қалыптастыру, олардың сақталып қалуына қызығушылықты арттыру;
  • Экологиялық этика негіздерімен таныстыру;
  • Қол бос кезінде пайдалы іспен айналысуды, балаларда байланысқа бейімділікті қалыптастыру.

Мерзімдері:

2017 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2018 жылдың 15 наурызына дейін.