(Қазақ) Мектеп әкімшілігі

Өмірдің бейбіт бағы гүл
Асудан асып асқарлы
Мінекей, достар тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды.
Өткеріп жазды дүбірмен,
Туған жер төсін тербеттік.
Уақытпен алға жүгірген,
Бір жасқа біздер ержеттік.
Құрметті ұстаздар, ата — аналар, оқушылар! 1 қыркүйек – Білім күні құтты болсын! Бойға қуат, ойға тың серпін беретін жазғы демалыста аяқталып, бір — бірлеріңізбен ыстық ықыласпен қуана қауышатын тағы бір тамаша сәт келіп жетті. Ендеше, жаз қызығына бөленген жас өркендерді тәлімге шақыратын күміс қоңырау қайта соғылмақ.