«Экоцентр»

«Экоцентр» орталығы  мектебімізде «Қоқыстарды бөлек  жинау» тақырыбында  экологиялық семинар өткізді. Онда оқушыларға қолданыстан қалған қоқыстар мен пластик, қағаз қалдықтарын қалай өңдеуге болатыны жайлы түсіндірілді.

 

 

 

 

 

Мектепшілік  бірыңғай “Жас қыран” балалар мен  жасөспірімдер ұйымына қабылдау.

 

Күзгі бал

Қас-қағым сәтте күздің бірінші айы да аяқталды.Жайдарлы жазбен қоштасып, алтын күздің өзіне тән әдемі мерекелері басталып кетті.
Біздің № 24 мектеп-гимназиясында 4- сыныптар арасында болып өткен « Күзгі бал» сайысы осының куәсі.Менің сыныптастарымның көңіл-күйін күздің күңіреген, жаңбырлы күндері түсірмей, қайта шабыттандырған сияқты.Осы сайыста қыздарымыз қолдан жасалған түрлі-түсті киімдер киіп,қаз-қатар тізіліп сән үлгісін жариялады.Ал Дарын мен Аяулымның дөңгеленіп вальс билегені ұстаздар мен көрермендерді таңқалдырды.
Сайыстың барлық этаптарынан сүрінбей өткен 4 «Ә» сыныбы «Гран-при» атағын жеңіп алды.Мен өз сыныбымды өте жақсы көремін және өз сыныбымды мақтан тұтамын.
4 «Ә» сынып оқушысы Назарова Дарина

2015-2016 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясы

2015-2016 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясы барысында атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет

Әлеуметтік педагог Елеусизова М.Н.

Мектебіміз бойынша жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Биылғы оқу жылында «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы бұйрығы негізінде мектепішілік бұйрығы және жұмыс жоспары әзірленді.

Акция мақсаты: Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте мектепке балалардың келмеуінің алдын алу.
2015 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылуда. Оның ішінде базарлар, тұрмысы қолайсыз отбасылар, үй жертөлелері, компьютерлік салондар, көңіл көтеретін орындар, пәтерлер тексеру шаралары ұйымдастырылды.
Акция кезінде аз қамтылған отбасылардың, көпбалалы отбасылардың балалары, сондай-ақ жетім балалар қамтылды.
Мектепте аз қамтылған отбасылардан шыққан 11 балаға, 1 қамқорлыққа алынған балаға жаппай оқу қорынан материалдық көмек мектеп-жазу құралдары берілді, жалпы 58800 теңгені құрайды.

Қалалық көркемөнерпаздар байқауы

Наурыздың  20 жұлдызында Қостанай қаласының кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен қалалық көркемөнерпаздар байқауы өтті.Сайысқа қаланың мектепке дейіңгі және жалпы білім беретін ұйымдары қатысты. Біздің мектебіміз аталмыш байқауға 2 хор – “Егемен Қазақстан”, “Үшқоңыр”,  би – ” Томирис”,  көрініс  “Қазақ хандығы”, күй “Балбырауын”, ән “Қазақ елі”. Көрсетілген барлық нөмірлер 10 ұпаймен бағаланды.  Белсене ат салысқан мұғалімдер ұжымына үлкен рахмет! _MG_6374 _MG_6375 _MG_6376 _MG_6384 _MG_6385 _MG_6391 _MG_6396